Әйелдерге арналған Ашық есік күні өтеді

«Қызғылт қазан» ақпараттық-ағартушылық науқаны аясында 2025 жылғы 18 қазанда Қазақстанның барлық онкологиялық ұйымдарында әйелдерге арналған Ашық есік күні өтеді.

Акцияның мақсаты — халықтың сүт безі обыры, оның белгілері, қауіп факторлары және ерте анықтаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру.

Осы күні әрбір әйел тегін және жолдамасыз түрде:
— онкологтар мен маммологтардың кеңесін ала алады;
— профилактика мен ерте диагностикалау бойынша ұсынымдар алады;
— қажет болған жағдайда тексеруден өте алады.

Әйелдердің жасы мен тіркелуінің маңызы жоқ. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.

Өткізу күні: 2025 жылғы 18 қазан
Уақыты: 09:00–13:00

Ерте диагностика — өмірді сақтайды. Өзіңізге қамқор болуға мүмкіндік беріңіз.

Онкологиялық орталықтардың мекенжайлары

t.me/Kazoncoinstitute/331